Statistiques
Blogspot            ancien site - cliquer ici / old website - click here            Poetrypoem

RADKO RADKOV (kazakh)

PDF
Imprimer
Envoyer

Радко Радковты еске алу

 

«Уақыт деген осындай. Ол біздің бітім-болмыс, сыралғы сенімімізді жаулап алғанымен қоймай, қызық-қуанышымызды – жалынды жастығымызды ұрлайды, түптеп келгенде, ең соңында, бізге бұл дүниеден бір уыс топырақ қана бұйырады».

                  Сэр Уолтер Ралег

 

Уақыт саған айтам,

Тыңда мені.

Өткен күн – дүниенің мұңды әлемі.

 

Сейіліп кетсін мейлі

Үміт – арман,

Сонда да мен ешқашан ұмыта алман!

 

Білемін

Бұдан былай таппай тыным,

Күн күліп – су сарқырап ақпайтынын.

 

Бойыма

Қайта толсын қуат кені,

Сондықтан –

Нұр-сәулеңмен жұбат мені!

 

Қайтадан соқшы шалқып самал желім,

Сілкісін шаң-тозаңнан санам менің.

 

Тұрар ем, мен де сосын аң-таң қалып,

Өткен күн келер болса қайта айналып.

 

Осылай қайта айналып келші бақыт,

Алдымнан әппақ гүлдер бүршік атып.

 

Тәңірім табыстарсан жүрегі кең,

Баяғы періштенің лебімен.

 

Жылуы жүрегіңе дарып жатса,

Махаббат қарамайды кәрі-жасқа.

 

Айналып ең сүйікті,

Ең асылға,

Аяулы ақ гүлдердің арасында –

Тербетіп жер бетінде

Тұрарма еді –

Мәңгілік үзілмейтін бір ән мені!

 

Ескерту: Сэр Уолтер Ралег (1552-1618) – жазушы, ақын, ағылшын офицері және зерттеушісі, 1618 жылдың 29 қазанында Лондон мұнарасында көз жұмды.

 

Аударған – Серік Тұрғынбекұлы, қазак ақыны, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстаннық еңбек сіңірген қайраткері. (Перевел – Серик Тургынбеков, казахский поэт, лауреат международной премии «Алаш», заслуженный деятель Казахстана).

Traduit en kazakh par le célèbre poète Serik Tourgynbekov

 

 

24 қаңтар, 2011 жыл

Астана